Акроөлең / Казахские песни — өлеңдер / Қазіргі заманғы әндерi
rus / eng / kaz


В разделе Видео.Казах.ру можно посмотреть казахские клипы, а также в нем отдельно собраны ролики на казахском языке. Казахские песни ищут так: өлең, тіл туралы өлеңдер, казакша олендер, өлең туралы, ұстаз туралы өлеңдер, ана өлеңдер, өлеңдер жинағы Новые казахские песни (в том числе 2012 года) добавляются в раздел практически ежедневно.









Казахские песни — өлеңдер / Қазіргі заманғы әндерi

Назад

Акроөлең

Бұл басым бəріне көнер
Бір үміт ойнайды сенен
Бір ғана өзіңмен келер
Бақыттың барына сенем

Арамыз алыстау əттең
Арманым алдамас бірақ.
Ай туып, ел жатқан сəтте
Аспаннан сен жайлы сұрап.

Назданып жатамын сосын
«Несіне келдім» деп мұнда
Нұрланған Тараздың кеші
Налысам тартатын сырға.

Уыңды теңейін балға,
Уызын татқанмын шердің.
Уайымға уланған жанға
Уақыт емші ғой, көндім.

Ушығып кетпесін тағы. 

* * *

Арайлым.
Жанары өзіңде талайдың.
Нұрланып жүретін жүзіңе,
Құрбаның болардай үзіле,
Ұрланып тым жиі қараймын.

Қымбаттым.
Мен неткен бейбақпын.
Мұңымды ақтарып жұлдызға,
Құнымды арттыр деп бұл қызға,
Ғұмырын тіледім бұл бақтың

Қылықтым.
Сұп-суық санамды жылыттың.
Көріктім көзіңнен күн күлген,
əлемге əн салшы күлкіңмен,
Өткеннің барлығын ұмыттым.

Балдайым
Жырымды өзіңе арнайын.
Ұйқысыз қарсы алып таң нұрын,
Өзіңмен өтсе деп əр күнім,
Сен жайлы ойлаймын. 
Жағдайым,
Осылай, күнім-ау, осылай. 
374