Жолыңа қарап / Казахские песни — өлеңдер / - махаббат туралы
rus / eng / kaz


В разделе Видео.Казах.ру можно посмотреть казахские клипы, а также в нем отдельно собраны ролики на казахском языке. Казахские песни ищут так: өлең, тіл туралы өлеңдер, казакша олендер, өлең туралы, ұстаз туралы өлеңдер, ана өлеңдер, өлеңдер жинағы Новые казахские песни (в том числе 2012 года) добавляются в раздел практически ежедневно.









Казахские песни — өлеңдер / - махаббат туралы

Назад

Жолыңа қарап

Алыстап енді кетпе сен, 
Айтатын сырым көп, көкем.
Айрылып көрмеген болсам, 
Қадіріңе де жетпес ем.
Алғашқы сүйген түніңде-ақ, 
Аямай кетсең бопты екен.

Біз енді тату болайық, 
Жүрмейік мұңға оранып.
Сен жайлы жаман түс көріп, 
Түндерде шошып оянып.
Тіледім қанша амандық, 
Көзімнің жасын сора ғып.

Орныңды іздеп өзіңнің, 
Жылуын іздеп көзіңнің.
Сені іздеп мынау жаһаннан, 
Тауға да, тасқа соғылдым.
Отымен өлмей қалдым мен, 
Сен сыйлап кеткен сезімнің.

Сұқтанғанымен көздер көп, 
Өр көңілімді жеңген жоқ.
Өзіңнен басқа өмірді, 
Есіме де алып көргем жоқ.
Қалдырып неге кетіп ең, 
Өңірге мынау мерген көп.

Көңіл де болды құлаған, 
Үзіліп ойда тынады əн.
Сөз салып кейбір достарың, 
Кездерде болды сынаған, 
Қорықтым бірақ, Құдайдан, 
Қорықтым жəне күнəдан.

Телефон бұзып тынышты, 
Құмай жанарлар құнықты.
Ағаларым да алжасып, 
Аялауларын ұмытты.
Саусағымнан ұстауға, 
Тілін майдалап тырысты.

Ұғынып жүрген досым деп, 
Жырым да талай кесір боп.
«Қызым» деп елдің алдында, 
Оңаша қалса от үрлеп, 
Ғашық та болды талай шал, 
Жамбылдан қалған жосын деп.

Саусақпен санап күндерді, 
Кірпіктеріме мұң қонды, 
Жайлауым иен қалған соң, 
Қорыттым итке іргемді.
Інлерің де қызғанып, 
Ірілігіңді күндейді.

Несіне керек ақтығым, 
Несіне керек пəктігім.
Жүрегім қырық жамау боп, 
Базар боп кетсе жастығым.
Өзіңді сүйген көңілдің, 
Кетірмейін деп тамтығын.

Сұғынан қаштым көздердің, 
Оғынан қаштым мергеннің.
Қалжырап қара түндерде 
Жыр бесігінде тербелдім, 
«Бақытсыз ақын» дегенді, 
Естіртпе маған елден бұл.

714