|
![]()
Новые казахские песни (в том числе 2012 года) добавляются в раздел практически ежедневно.
|
Казахские песни — өлеңдер / ҚазақшаАзаматқа әзіл сөзСорымыз ба, кім білсін, бағымыз ба,
Жанашыр жан тым аз ғой жанымызда.
Мықты ұлдардың барлығы үйлі боп ап,
Момын ұлдар қалған ба маңымызда?
Жету үшін көздеген тауымызға,
Шаң тигізбей келеміз арымызға.
Жанашырлар шетінен жар тауып ап,
Қатыгездер қалған ба бағымызға?
Біз бармаған тосып тұр бақтар əлі,
Жасқа жеттік айырар ақ-қараны.
Əдепті ұлдың барлығы бас құрып ап,
Əдепсіз боп барама басқалары.
Қалмау үшін тозып ар, арман дағы,
Қайрылмадық қызыққа қайраңдағы.
Сүйкімді ұлдың барлығы той жасап ап,
Сүйкімсіз боп барама қалғандары.
|