Алтай сағынышы / Казахские песни — өлеңдер / - табиғат туралы
rus / eng / kaz


Казахские песни ищут так: өлең, тіл туралы өлеңдер, казакша олендер, өлең туралы, ұстаз туралы өлеңдер, ана өлеңдер, өлеңдер жинағы Новые казахские песни (в том числе 2012 года) добавляются в раздел практически ежедневно. В разделе Видео.Казах.ру можно посмотреть казахские клипы, а также в нем отдельно собраны ролики на казахском языке.









Казахские песни — өлеңдер / - табиғат туралы

Назад

Алтай сағынышы

Ағарған шашым Алтайдай,
Қайғымды қалдым, айта алмай.
Түндерім төніп төбемнен,
Күндерім өтті байқалмай.

Аязын алып үскірік,
Көшеме күнде қысқы бұлт.
Қанаты сынған халі бар,
Ұшырар едім құс қылып.

Малта боп малға жас талы,
Арқаға батып қыс қамы.
Қабада өскен қайың ем,
Қалаға əкеп тастады.

Жеті түнінде жылқы ұрлар,
Жетіқарақшыдай жер пірі.
Ұйқымнан менің тұр-тұрлар,
Жеті өзенімнің күр-күрі.

Қайыңды отта қара су,
Қара қос болған қонсы жай.
Мұзбалақ атын бос байлар,
Жоқ іздеп жігіт жолшыбай.

Жолды да болар Жолдыаяқ,
Қара жон беті қансонар.
Ақ көбік қарды омбылап,
Ақ жолтай айтып жол салар.

Ақ теңіз үсті аппақ түн,
Ақзудай əлем үгілме.
Қиссашыл ұлың жоқ бүгін,
Ақ білте шамның түбінде.

Ілесті дерсің жындарға,
Жетелеп тағы жыр пірі.
... Оятар енді күн бар ма?
Жеті өзенімнің күр-күрі.

II

Өлең мені сипаған жоқ басымнан,
Анам боп та иіскемеді шашымнан.
Қабырымда сенен қатты сұрардай.
Құмар болдым неге сонша жасымнан.

Өлең мені ораған жоқ бүлдемен,
Керуендей көше берді жылменен.
Қоңыр ғана шаруаның ұлы едім,
«Əкем топқа кірмеген,
Шешем жібек кимеген».

Ару боп та сүймеді Ол бетімнен,
Жарысып жел ойнамады кекілмен.
...Тас төбемде жарты Ай жалаңаш,
Бала күнгі бақытымдай кетілген...

Табанымды тар жолдарға тілдіріп,
Қанатымды қаққан сайын жетілгем.
...Жалғыз анам жол қарайды түсімде,
Ақ кемедей оралам деп кетіп ем...

Содан бері өтті көктем... 
     жыл неше,
Сағынышым қаулайды өрттей үрлесе.
Сарыарқа мен біздің Алтай арасын,
Ақ жауын боп шайып өттім мен неше.

Өкінішім, 
Өксігім де, 
Өкпем де,
Жоқ еді ғой...
Жетсемдағы қалжырап.
Алтай асып қайтады құс көктемде,
Оларға еріп қайта алмадым мен бірақ.

Жүрегіме көмген жалғыз отпенен,
Жанарымда жасым қалды кеппеген.
...Мен Алтайдың бозжусаны емес пе ем,
Арқа барып көктеген.

III

Сəуірдің бұл алғашқы жауыны,
Менің сағыныш жасымдай себелеген.
Алтайдан келген      
   аршын бұлттар ғой мынау,
Жаныма бір жақындық сеземін мен...

Мені іздеп келдіңдер ме?
Ғазалдарым-ау,
Оқимын үнсіз түн жырын.
Ақшағи қыздың орамалы ма мынау,
Бейуаққа жоғалған мұңлығым.

Ақтарылыңдаршы,
Алып барыңдаршы, 
Мені Алтайға. 
Таусылып біттім төзімнен.
Жетімек жұртым қалды ғой онда,
Алаш ‒ анамнан бөлінген.

Жазылмай жырларым қалды-ау,
Үзілген жолдарым қалды-ау,
Қорғансыз орманым қалды-ау,
Үміттің оты сөнер ме?!
Сендерге ұқсап ақбас бұлттар-ау,
Олар да көшіп келер ме?..

Сендерге ұқсап асқақ арманды жалғап,
Көлдерім бар ма?
Шөлдерім бар ма?
Өтпеген...
Көз ілсем болды айдаһар арбап,
Шығыстан қызыл өрт көрем.

Кінəсіз өңкей мөлдір көз көрем,
Мөлдір көз көрем жұтылған.
Айхай!..
Бұл неткен ащы азап еді..?
Бөлінсең бауыр жұртыңнан.

Алтайдан ауған бауыр бұлттар-ау,
Қай тауды қалдың сағалап?
Иесі бар ғой,
Киесі бар ғой,
Жұртымның,
Аллама айттым аманат.

Алтайдан асқан арман бұлттар-ау,
Қарпіндей алтын құранның.
Алатаңда мынау,
Аллаға жайған алақандарым-ау,
Нұрындай ыстық дұғамның…
791