|
![]()
В разделе Видео.Казах.ру можно посмотреть казахские клипы, а также в нем отдельно собраны ролики на казахском языке.
|
Казахские песни — өлеңдер / ҚазақшаЖетісудың қыздары-айә. Еркеғали Рахмадиевтікіс. Абдрахман Асылбековтікі Бақытты бай дала, Шабытты қайда да, Жетісудың аймағы-ай. Бірі – қант, бірі – бал, Өсірген бірі – мал, Сарадай жыры бар, Зылиқа, Күләштай, Мәрия, Жұмаштай – Жетісудың қыздары-ай! Мыңғырған малға бай, Жайлауы жанға жай, Жетісудың аймағы-ай! Құрақтай құлпырған, Бұлақтай бұлқынған, Көрген жан ұмтылған, Сөздері сиқырлы, Өздері сүйкімді – Жетісудың қыздары-ай! Көз тартқан көрікті, Алмалы, өрікті, Жетісудың аймағы-ай! Гүлі боп өлкенің, Өсірген өркенін, Ерекше ерке бір, Жұлдыздай жайнаған, Бұлбұлдай сайраған – Жетісудың қыздары-ай! Балқыған баулары, Тәкаппар таулары, Жетісудың аймағы-ай! Күлкісі қымбатты, Әзілі тым тәтті, Сүмбіл шаш, сымбатты, Өң берген аянбай, Жібек пен Баяндай – Жетісудың қыздары-ай!
|