Ару ғұмыр / Казахские песни — өлеңдер / Қазақша
rus / eng / kaz


Новые казахские песни (в том числе 2012 года) добавляются в раздел практически ежедневно. Казахские песни ищут так: өлең, тіл туралы өлеңдер, казакша олендер, өлең туралы, ұстаз туралы өлеңдер, ана өлеңдер, өлеңдер жинағы В разделе Видео.Казах.ру можно посмотреть казахские клипы, а также в нем отдельно собраны ролики на казахском языке.









Казахские песни — өлеңдер / Қазақша

Назад

Ару ғұмыр

Ор. Қарақат Абильдина

Адалдығы болмаса аңсатар ма,
Ару-деген - әдемі, әрқашанда,
Өмір атты іздеген ән-сапарда, бақыт.

Әр таң оған ерекше күліп келген,
Әр көктемнен ерекше үміттенген,
Зулайтынын осылай біліп пе ем мен, уақыт.

Кеше ғана бәйшешек гүлдей едім,
Күнге қарап көктемде күлген едім,
Бүгін мүлдем өзгеше күйге енемін, шіркін!

Жайқалады гүлзары көнілімнің,
Мен қазақтың  қызымын, келінімін,
Мен елімнің ертеңгі сенімімін, мүмкін!

Мен - әйелмін, әлемнің анасымын,
Үміт жеңген кеудесе жан ашуын,
Күлкісі – күн, тәні – нұр, санасы – мұн, менмін.

Нәзікпін мен, сол үшін айыптымын,
Ғажап түске боядым ғайып түнін,
Не десең де бақытқа лайықтымын, сенгін.
1177