|
![]()
Новые казахские песни (в том числе 2012 года) добавляются в раздел практически ежедневно.
|
Казахские песни — өлеңдер / ҚазақшаАзаттық жырыә. Есжан Әміровтікіс. С. Ақсұңқарұлынікі Түн түрілді, күн күлімдеп, Гүл көктеді, жұрт дүрілдеп. Көк(і)регімді ашып тұрмын, Ұлы қазақ ұлтымын деп! Алтын құрсақ Алаш елім, Көк бөрінің балас(ы) едің. Ғаламзаттың ғажайыбы, Адамзаттың дарас(ы) едің сен. Алашым дарасың әнім де сен, дастаным да. Жырлап тұрмын сүйіне де. Көңілімнің күйі неде? Он-ақ жылда олжа салдың Осынау кең дүниеге... Қайта түлеп халық тағы, Алдында – нұр, жарық бәрі. Адамзаттың көшіне еріп, Азаттықпен шарықтадың - Сен! Алашым дарасың әнім де сен, дастаным да. Жасандырар жасыл жерді, Бас имеймін жасынға енді, Еркін ойлы егеменді, Ерен туған нәсіл келді! Жайнатты да нұр тағынды, Қырқа белің гүл тағынды. Ата-баба, әруағыңмен, Жебе осы ұрпағыңды – Сен! Алашым дарасың әнім де сен, дастаным да.
|