|
![]()
Казахские песни ищут так: өлең, тіл туралы өлеңдер, казакша олендер, өлең туралы, ұстаз туралы өлеңдер, ана өлеңдер, өлеңдер жинағы
|
Казахские песни — өлеңдер / ҚазақшаАңсағаным, АралымСөзі, Әні: Ағзамхан ЕгембаевтікіАқ жал атып толқыған,
Айбын қайда, Аралым?
Ақ шағала қалқыған,
Айдын қайда, Аралым?
Аралдың салқын самалын,
Аңсаумен жырға қосамын.
Азайған сенің арнаңа,
Араша болсын осы әнім.
Алқабында Әму - Сыр,
Арман болған, Аралым.
Алып қалар кәміл бір,
Амал бар ма, Аралым?
Адам барда өмірде,
Ақ ниетпен алаңдар.
Ажар берген өңірге,
Айдын шалқар Арал бар.
|