"/> Ауырмайды жүрек / Казахские песни — өлеңдер / Қазақша
rus / eng / kaz


В разделе Видео.Казах.ру можно посмотреть казахские клипы, а также в нем отдельно собраны ролики на казахском языке. Новые казахские песни (в том числе 2012 года) добавляются в раздел практически ежедневно. Казахские песни ищут так: өлең, тіл туралы өлеңдер, казакша олендер, өлең туралы, ұстаз туралы өлеңдер, ана өлеңдер, өлеңдер жинағы









Казахские песни — өлеңдер / Қазақша

Назад

Ауырмайды жүрек

Жастықтың жалынды бір күні еді,
Тым ерекше атты таңғы арай.
Көздеріңе көзім байланғанда,
Жүрек тулап, оттай жанғаны-ай.
Неге ояттың мені, жүрмедің бе?
Ой-санамды мәңгі жауламай.
Неге ғана маған кездестің сен,
Ғашық болдым қалай аңдамай? 

Қайырмасы:
Ауырмайды жүрек, ауырмайды,
Сенсіз өткен күндер болмаса.
Ауырмайды жүрек, ауырмайды,
Сені ойлатқан түндер болмаса.
Ауырмайды жүрек, ауырмайды,
Мөлдіреген көзің болмаса.
Ауырмайды жүрек, ауырмайды,
Сүйем деген сөзің болмаса.

Жалындаған сол бір жаздың әнін,
Күз нөсері енді жалғасын.
Ауырады жүрек, ауырады,
Ауырады жүрек болғасын.
Біздей емес, ол жақ жылы дей ме?
Самғай бер, қанатың талмасын.
Жылатасың-дағы, жұбатасың,
Әрбір сөзің батқан қорғасын.
1969