"/> Атамекен / Казахские песни — өлеңдер / - туған жер туралы
rus / eng / kaz


В разделе Видео.Казах.ру можно посмотреть казахские клипы, а также в нем отдельно собраны ролики на казахском языке. Новые казахские песни (в том числе 2012 года) добавляются в раздел практически ежедневно. Казахские песни ищут так: өлең, тіл туралы өлеңдер, казакша олендер, өлең туралы, ұстаз туралы өлеңдер, ана өлеңдер, өлеңдер жинағы









Казахские песни — өлеңдер / - туған жер туралы

Назад

Атамекен

с. Қ.Мырзалиев
ә. Е.Хасанғалиев

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды,
Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны,
Ұясына батады екен.

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін,
Қазағымның махаббаты деп білем.

Қайырмасы:

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауын аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.

Қайырмасы:
11853